Бүгін: 12.12.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
 

Семинар аралас форматта ұйымдастырылып, Астана өңірлік филиалының қызметкерлері үшін офлайн түрде, ал облыстық және өңірлік филиалдардың мамандарына онлайн көрсетілім арқылы өткізілді. Іс-шара барысында қатысушыларға микотоксиндерді анықтауға арналған ИФТ-наборларымен жұмыс жүргізу кезеңдері нақты көрсетілді - бұл мал азығы мен астық сапасын қамтамасыз етуде маңызды бағыттардың бірі.

Семинар барысында тест-жүйелерді дұрыс қолдану, алынған нәтижелерді талдау және зертханалық практикада жиі кездесетін қателіктерді болдырмау жолдары жан-жақты қарастырылды. Қатысушылар теориялық білімдерін тереңдетіп қана қоймай, ИФТ-наборлармен жұмыс жүргізудегі практикалық дағдыларын да жетілдірді.

Мұндай іс-шаралар заманауи бақылау әдістерін зертханалық жұмысқа енгізуге, ішкі сапа жүйесін нығайтуға және республикалық деңгейде мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға елеулі үлес қосады