Кеңес барысында Кәсіпорын қызметіне қатысты өзекті мәселелердің кең ауқымы қаралды. Филиал басшылары алдағы жылыту маусымына нысандар мен инфрақұрылымды дайындау бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Әсіресе, жабдықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және күзгі-қысқы кезеңде қызметкерлердің тиімді еңбек етуіне жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, жергілікті деңгейде туындайтын проблемалық мәселелер мен оларды жедел шешу жолдары талқыланды. Қатысушылар өндірістік үдерістерді ұйымдастыру, шаруашылық қызметті жүргізу және басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты. Қосымша бақылауды және күш-жігерді үйлестіруді қажет ететін басым бағыттар айқындалды.
Кеңес қорытындысы бойынша бірінші басшы филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің жұмысын одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты тапсырмалар мен нұсқаулар берді. Бас директор белгіленген міндеттердің уақытылы орындалуының маңыздылығын атап өтіп, ұжымды алдағы кезеңде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағдарлады.
Жаңалықтар
Бас директор Елшібаев Т.А. облыстық және өңірлік филиалдардың директорларымен, сынама қабылдау пункттерінің басшыларымен, Орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ Кәсіпорынның өндірістік және шаруашылық блоктарының қызметкерлерімен бейнекон
- 7
Бас директор
Елшибаев Темирхан Амантаевич






