
EIOS (Epidemic Intelligence from Open Sources) - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы, ол ашық дереккөздерден алынған ақпаратты пайдалану арқылы қоғамдық денсаулыққа төнетін қатерлерді ерте анықтауға бағытталған. ДДСҰ жетекшілігімен бұл жүйе деректерді жаһандық деңгейде жинау ісін кеңейтіп, жеделдетуге мүмкіндік береді және түрлі ведомстволар мен ұйымдардың күш-жігерін біріктіреді.
Үш күн бойы Қазақстанның әртүрлі құрылымдарының мамандары EIOS платформасының мүмкіндіктерін зерттеп, тәжірибе алмасты және эпидемиологиялық қадағалау саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтты. Республикалық ветеринариялық зертхананың Орталық аппараты қызметкерінің қатысуы жануарлар мен адамдардың денсаулығына әсер ететін зооноздық және өзге де инфекцияларды бақылаудағы саларалық тәсілдің маңыздылығын көрсетті.
Қазақстандағы ДДСҰ елдік кеңсесі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне тұрақты әрі нәтижелі ынтымақтастығы үшін алғыс білдірді. Бастаманы жалғастыру аясында 2025 жылғы қыркүйек айында Қазақстан мамандарына арналған ашық дереккөздерден эпидемиологиялық мониторинг жүргізу жүйесі бойынша келесі семинар өткізу жоспарлануда.






