
Зерттеу барысында мыңнан астам сынама өңделді. Мамандардың жұмысы жоғары дәлдікті, мұқияттықты және елеулі уақыттық шығынды талап етті. Барлық зерттеу кезеңдері халықаралық әдістемелерге сәйкес орындалып, алынған нәтижелердің шынайылығы мен сапасын қамтамасыз етті.
Алматы аймақтық филиалының Азық-түлік қауіпсіздігі зертханасының мамандары ерекше атап өтуге тұрарлық. Олар кәсібилігімен, жауапкершілігімен және өз ісіне адалдығымен ерекшеленіп, халық денсаулығын қорғауға және азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тәжірибелерді дамытуға зор үлес қосты.
Жүргізілген зерттеу жай ғана жоба емес, антибиотиктерге төзімді инфекциялардың таралу қаупін айтарлықтай азайтатын болашаққа жасалған маңызды қадам болды.
Кәсіпорынның Бас директоры Елшібаев Т.А. мұндай бастамаларды қолдау стратегиялық маңызды міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ ол зерттеу нәтижелері ғылыми әлеуетті нығайтуға және отандық зертханалардың халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға ықпал ететінін жеткізді.






