Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сейпелұлы Сапаров, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлин мырза қатысты.
Зертхананың ашылуы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының үкіметаралық келісімін іске асыру нәтижесінде мүмкін болып, елдің ветеринариялық және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды. Салтанатты рәсім барысында Ауыл шаруашылығы министрі Шығыс Қазақстан облыстық филиалының қызметкерлеріне адал еңбегі мен саланың дамуына қосқан үлесі үшін «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгісін және Құрмет грамоталарын табыс етті. Марапатталғандар қатарында:
▫️Уранова Гүлшара Жеңісбекқызы – Жануарлар аурулары диагностикасы зертханасының меңгерушісі;
▫️ Өмірзақова Венера Нұрлыбекқызы – Азық-түлік қауіпсіздігі зертханасының аға ветеринариялық дәрігері;
▫️ Әшекенова Гүлайым Аралбекқызы – Зайсан аудандық ветеринариялық зертханасының ветеринариялық дәрігері;
▫️ Қабаева Әлия Қайырбекқызы – Күршім аудандық ветеринариялық зертханасының санитар маманы;
▫️ Тынжанова Қырмызы Қызырханқызы – Алтай аудандық ветеринариялық зертханасының меңгерушісі.
Сондай-ақ министр филиал директорларына «ГАЗель» қызметтік автокөліктерінің 17 кілтін табыс етті.
Ресми бөлімнен кейін қонақтар үшін зертхана бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. Экскурсияны Республикалық ветеринариялық зертхананың Бас директоры Темірхан Амантайұлы Елшібаев жеке өзі жүргізді. Қонақтарға заманауи жабдықтар, зертханалық бөлмелер және жаңа кешеннің технологиялық мүмкіндіктері көрсетілді. Зертхананың ашылуы Қазақстан мен Қытай арасындағы ветеринария саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың кезекті маңызды қадамы болды.
Жаңалықтар
Бүгін Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Біріккен көпсалалы ауыл шаруашылығы зертханасының салтанатты ашылуы өтті
- 6
Бас директор
Елшибаев Темирхан Амантаевич






