
Іссапар аясында ұжымдармен кездесулер өткізіліп, онда өндірістік үдерістерді ұйымдастыру, материалдық-техникалық базаның жай-күйі және жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы мәселелері талқыланды. Ерекше назар зертханаларда жүргізілетін зерттеулердің сапасын арттыру және өңірлік деңгейдегі жұмыстың тиімділігін күшейтуге аударылды.
Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директоры Темірхан Амантайұлы Елшибаевтың тапсырмасына сәйкес Валихан Баялыұлы филиалдар мен аудандық бөлімшелердің эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту ісіндегі жүйелі жұмысының маңыздылығын атап өтіп, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін үздіксіз арттырудың қажеттілігін ерекше атап өтті.
Кездесулер соңында бас директордың орынбасары ұжымдарға адал еңбегі мен кәсібіне деген берілгендігі үшін алғысын білдіріп, зертханалық қызметтің тұрақты дамуы әр қызметкердің үйлесімді еңбегіне тікелей байланысты екенін айтты.






