
Оқыту Бас директор Темірхан Амантайұлы Елшібаевтың бастамасымен зертхана мамандарының біліктілігін арттыру және кәсіби құзыреттерін кеңейту мақсатында өткізілді.
Іс-шара қатысушыларына арнап Ядролық физика институтының бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, ҚазҰҒА академигі - Саябек Қуанышбекұлы Сахиев құттықтау сөз сөйлеп, институттың қызметі мен ғылыми-зерттеу бағыттары туралы баяндады.
Бағдарлама барысында РВЗ қызметкерлері дәрістер тыңдап, тәжірибелік сабақтарға қатысып, қорытынды тестілеуден сәтті өтіп, сертификаттарға ие болды. Оқу соңында қатысушылар институттың зертханалары мен өндірістік алаңдарына экскурсия жасап, олардың жұмысымен танысты.
Республикалық ветеринариялық зертхана басшылығы мен ұжымы Ядролық физика институтына жылы қабылдауы, жоғары деңгейде ұйымдастырылған оқыту және жемісті ынтымақтастығы үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Екі ұйым арасындағы одан арғы өзара іс-қимыл сала мамандарының кәсіби дамуына және кадрлық әлеуетті нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенім білдіреді.






