Бүгін: 12.12.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
 

Кездесуге кәсіпорынның өндірістік блогының қызметкерлері мен мамандары, сондай-ақ Thermo Fisher Scientific компаниясын таныстырған Клэр Кристин Круз, Specialty Diagnostics Group бөлімінің аға аймақтық маркетинг менеджері (Emerging Markets & Asian Pacific өңірлері, Сингапур қ.) қатысты.

Іс-шараның мақсаты - зертханалық зерттеулер саласындағы тәжірибе алмасу және ветеринариялық диагностика мен зерттеу сапасын қамтамасыз етуге арналған заманауи шешімдерді талқылау болды.

Кездесу барысында Thermo Fisher Scientific компаниясының өкілдері зертханалық зерттеулер жүргізуге арналған жаңа буындағы жабдықтар мен технологиялардың шолуын ұсынды. Сондай-ақ антибиотикорезистенттілікті анықтауда қолданылатын диск-диффузиялық әдіс және сұйылтылған қатар әдісі (EUCAST және CLSI стандарттары бойынша) талқыланды. Микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігін анықтауға арналған қолмен, жартылай автоматты және толық автоматтандырылған жабдық түрлері таныстырылды.

Қатысушылар сонымен қатар қоректік орталар, бақылау штаммдары, сапаны бақылау организмдері (QC-организмдер), қан гемокультураларын өсіру жүйелері және химиялық реагенттер туралы ақпарат алды.
Кездесу барысында тараптар зертханалық зерттеулердің тиімділігі мен дәлдігін арттыруға бағытталған инновациялық құралдарды пайдалану перспективаларын, сондай-ақ кадрларды даярлау және техникалық сүйемелдеу мәселелерін талқылады.

Бас директор отандық зертханалардың тәжірибесіне заманауи технологияларды енгізу және халықаралық озық тәжірибені зерделеудің маңыздылығын атап өтті.