Аталған марапаттар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығы бойынша адал еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі және ветеринариялық қызмет пен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қосқан зор үлесі үшін берілді.
Бұл жоғары мемлекеттік марапат – елдің эпизоотиялық, биологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне өмірін арнаған мамандар еңбегінің лайықты бағалануы. Темірхан Амантайұлы Елшібаевтың басшылығымен Республикалық ветеринариялық зертхана зертханалық процестерді жаңғырту, ғылыми-техникалық әлеуетті арттыру және халықаралық сапа стандарттарын енгізу бағытында ауқымды жұмыстар атқарды.
Ауыл шаруашылығы министрі өз сөзінде ветеринариялық зертхана ұжымының жетістіктері саланың тұрақты дамуына және отандық ветеринариялық жүйенің халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті.
Республикалық ветеринариялық зертхананың ұжымы Темірхан Амантайұлы Елшібаевты және Ербатыр Қайыргелдіұлы Мәдиаровты жоғары мемлекеттік наградамен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, амандық және еліміздің игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тілейді.






