Бүгін: 12.12.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
 

Кездесу барысында Бас директор ұжымды еліміз үшін маңызды мерекемен құттықтап, әрбір қызметкердің эпизоотиялық тұрақтылықты, биологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі үлесін атап өтті. Ол кәсіпорынның жетістіктері бүкіл ұжымның бірлескен еңбегінің, кәсібилігі мен жауапкершілігінің нәтижесі екенін ерекше атап өтті.

Іс-шара аясында облыстық және өңірлік филиалдардың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Қазбек Қазиханұлы Ташимовтың атынан адал еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі және ветеринариялық қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамоталары табысталды.

Сонымен қатар мерекеге орай кәсіпорын қызметкерлеріне 70% мөлшерінде сыйақы берілетіні жарияланды. Бұл олардың еңбегіне, адалдығына және жоғары нәтижелерге ұмтылысына деген құрметтің белгісі болды.

Бас директор барлық қызметкерлерге мықты денсаулық, отбасылық амандық, жаңа жетістіктер мен еліміздің игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.