Сапар барысында филиал ұжымымен кездесу өтті, оған құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен зертхана мамандары қатысты. Кездесу барысында филиалдың ағымдағы қызметі, өндірістік көрсеткіштердің орындалуы, зертханалық зерттеулерді ұйымдастыру, жүргізілетін сынақтардың сапасын қамтамасыз ету және зертханалық инфрақұрылымды одан әрі дамыту бағыттары талқыланды.
Бас директор материалдық-техникалық базаны нығайту, халықаралық стандарттар мен заманауи диагностикалық әдістерді енгізу, сондай-ақ қызметкерлердің кәсіби өсуіне ерекше назар аударды. Ол жоғары деңгейде жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін қызметкерлердің біліктілігін үздіксіз арттырудың, тәжірибе алмасудың және кадрлық әлеуетті дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Жұмыс сапары аясында Темірхан Амантайұлы Елшібаев Алматы қаласында өткен 19-шы Орталық Азия халықаралық «Ауыл шаруашылығы» - AgroWorld Qazaqstan 2025 көрмесіне қатысты. Іс-шараны ұйымдастырушы - Қазақстанның көрме компаниясы Iteca. Бұл көрме агроинновациялар саласындағы жетекші алаң және ауыл шаруашылығы саласындағы халықаралық деңгейдегі маңызды оқиғалардың бірі болып табылады.
Көрмеге қатысу барысында бас директор отандық және шетелдік жетекші компаниялардың экспозицияларымен танысып, зертханалық және диагностикалық жабдықтардың жаңа үлгілерін, биологиялық қауіпсіздік пен өнім сапасын бақылау технологияларын көрді. Сондай-ақ ғылыми және өндірістік ұйымдардың өкілдерімен кездесулер өткізіліп, ветеринариялық зертханалардың қызметіне заманауи шешімдерді енгізу және өзара ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Темірхан Амантайұлы атап өткендей, AgroWorld Qazaqstan 2025 көрмесіне қатысу халықаралық байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және озық технологияларды отандық ветеринария тәжірибесіне енгізуге ықпал етеді. Оның айтуынша, мұндай іс-шаралар зертханалардың ғылыми әлеуетін арттыруға және олардың халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директоры Темірхан Амантайұлы Елшібаев жұмыс сапарымен Алматы өңірлік филиалына барды
- 6
Бас директор
Елшибаев Темирхан Амантаевич






