Бүгін: 12.12.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
 

Курс ФАО-ның Еуропа мен Орталық Азиядағы Аймақтық өкілдігімен (ЕЦА) Барселона Автономды университеті (UAB) және Швеция ауыл шаруашылығы ғылымдары университетімен (SLU) бірлесе әзірленді. Курстың негізгі мақсаты - жануарлар мен адамдарға ортақ аурулар (зооноздар) бойынша диагностика, зерттеу және алдын алу бағыттарында ветеринар мамандарының біліктілігін арттыру.

Бағдарлама келесі тақырыптарды қамтыды:
• «Біртұтас денсаулық» тұжырымдамасы және пәнаралық тәсілдің маңызы;
• зооноздық аурулардың халық денсаулығына және экономикаға әсері;
• зооноздық ауру ошақтарын далалық жағдайда зерттеу әдістері;
• сынама алу кезіндегі басым бағыттар және аурулардың таралу қаупін бағалау;
• биологиялық қауіпсіздік қағидаттары мен қауіпті биоматериалмен жұмыс істеу ережелері.

Республикалық ветеринариялық зертхананың Бас директоры Темірхан Амантайұлы Елшібаев ФАО ұйымдастыратын халықаралық оқу бағдарламаларына қызметкерлердің қатысуы мамандардың кәсіби дамуының маңызды бөлігі екенін атап өтті. Ол мұндай бастамалар озық халықаралық тәжірибені енгізуге, эпидемиологиялық қадағалауды жетілдіруге және ветеринариялық қызметтің зооноздық қауіптерге дайындық деңгейін арттыруға ықпал ететінін айтты.

Осылайша, зертхана мамандарының курсқа қатысуы кадрлық әлеуетті нығайту мен ұлттық биологиялық қауіпсіздік жүйесін дамыту жолындағы маңызды қадам болды.