
Сапар барысында ол Райымбек ауданының әкімі Дастан Сұлтанмұратұлы Құдабаевпен кездесті. Кездесу кезінде өңірдің ветеринариялық инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды. Әсіресе Райымбек аудандық ветеринариялық зертханасының жаңа ғимаратының құрылысы ерекше назарда болды.
Тараптар заманауи зертхана құрылысының ауданның ветеринариялық қызметін нығайту, мамандардың еңбек жағдайын жақсарту және зертханалық зерттеулердің сапасын арттыру үшін маңызы зор екенін атап өтті. Бұл жоба жүзеге асқан жағдайда жүргізілетін талдаулардың ауқымы кеңейіп, эпизоотиялық бақылаудың деңгейі жоғарылайтын болады.
Кездесуден кейін Бас директор аудан әкімімен бірге жаңа зертхана құрылысының алаңына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен және нысанды аяқтау жоспарымен танысты. Сонымен қатар, Темірхан Амантайұлы аудандық зертхана ұжымымен кездесіп, олардың жұмыс ұйымдастыру, кәсіби даярлық және материалдық-техникалық базаны дамыту мәселелерін талқылады.
Бас директор зертхана құрылысының аяқталуы өңірдегі ветеринариялық зерттеулердің тиімділігін арттыруға және биологиялық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға маңызды үлес қосатынына сенім білдірді.






