Бүгін: 12.12.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
 

Сапар барысында бас директор зертханалардың қызметімен танысып, зертханалық бөлмелерді, жабдықтарды және қызметкерлердің жұмыс жағдайларын қарап шықты. Ерекше назар зертханалық зерттеулердің сапасына, биологиялық қауіпсіздік стандарттарының сақталуына, сондай-ақ қажетті материалдармен және техникалық құралдармен қамтамасыз етілу деңгейіне аударылды.

Кеген аудандық ветеринариялық зертханасында бірқатар ескертулер анықталып, оларды жою бойынша нақты тапсырмалар берілді. Ал Шелек аудандық зертханасында жұмыс тиісті деңгейде ұйымдастырылып, белгіленген талаптарға толық сәйкес жүргізіліп жатыр.

Коллективтермен кездесу барысында Темірхан Амантайұлы жоғары кәсіби деңгейді, зертханалық зерттеулердің сапасын сақтау, жабдықтарды уақтылы жаңарту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың маңыздылығын атап өтті. Ол аудандық зертханалардың өңірлердің эпизоотиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуде және жануарлар ауруларын уақтылы анықтауда маңызды рөл атқаратынын ерекше белгіледі.

Сапар қорытындысы бойынша бас директор еңбек жағдайларын жақсарту, материалдық-техникалық базаны нығайту және зертханалық зерттеулердің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді. Темірхан Амантайұлы қызметкерлерге өз істеріне жауапкершілікпен қарағандары, адалдығы мен ветеринариялық қызметтің дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.