
Оқу іс-шарасы 2025 жылғы 6–11 қараша аралығында өтті. Бағдарлама барысында аусыл вирусына қарсы антиденелерді анықтауға арналған реагенттер жиынтықтарымен жұмыс істеудің практикалық қырлары, талдау нәтижелерін интерпретациялау, сондай-ақ зерттеу жүргізу кезінде биологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері қарастырылды.
Дәріс және практикалық сабақтарды давлятшин Тимур Ильфритович және Инкарбеков Дулат Амангельдиевич - химия ғылымдарының магистрі жүргізді.
Бұл оқу бағдарламасы зертхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға және серологиялық диагностика саласындағы дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Алынған білім мен тәжірибе мамандарға аусыл вирусын анықтауда заманауи әдістерді тиімді қолдануға және зерттеу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.






