
Қазақстан Республикасының Президенті ауыл еңбеккерлеріне терең ризашылығын білдіріп, аграрлық саланың ел болашағы үшін стратегиялық маңызын атап өтті:
«Фермерлер, мал өсірушілер, диқаншылар еліміздің өркендеуіне үлкен үлес қосуда. Сіздердің ерен еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Ауыл шаруашылығы – стратегиялық мәні зор аса маңызды сала. Бүгінгі форум — жалпыұлттық деңгейдегі іс-шара. Қатысушылар айтқан маңызды әрі салмақты ұсыныстарды мұқият зерделеп, алдағы жұмысымызда міндетті түрде ескеру қажет».
Форум жұмысына Республикалық ветеринариялық зертхананың Бас директоры Темірхан Амантайұлы Елшібаев қатысты.
Сонымен қатар форумға Республикалық ветеринариялық зертхананың облыстық филиал директорлары да қатысты: Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Ербатыр Қайыргелдинұлы Мадьяров, Маңғыстау облыстық филиалының директоры Орысбай Спанович Мүйімов, Атырау облыстық филиалының директоры Айжан Сагитқызы Даулетьярова.
Форум аяқталған соң Темірхан Амантайұлы Елшібаев Айжан Сагитқызын туған күнімен шын жүректен құттықтап, оның жоғары кәсібилігін, жауапкершілігін және өңірдегі ветеринариялық қызметтің дамуына қосқан маңызды үлесін атап өтті.






