Бүгін: 12.12.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
 

Өз сөзінде генералдық директор ветеринарлық зертханалардың мамандарының еңбегі эпизоотиялық қауіпсіздікті, биоқауіпсіздікті қамтамасыз етуде, сондай-ақ жануарлар мен халық денсаулығын қорғауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Ол Кәсіпорын қызметкерлерінің жауапкершілігі, біліктілігі және жанқиярлығы арқасында зерттеулердің жоғары сапасы сақталып, елдегі ветеринарлық қызметке сенім нығаятынын ерекше атап өтті.

Жеке құттықтау сөздері бүгін туған күнін атап өтіп отырған Қостанай облыстық филиалының директоры Арман Есламович Жанзақовқа арналды. Темірхан Амантайұлы оның кәсіби шеберлігін, филиалды тиімді басқаруын және өңірдегі зертхана желісін дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, мықты денсаулық, амандық-бірлік пен одан әрі табыстар тіледі.

Сонымен қатар, алдағы мерекеге орай генералдық директор Кәсіпорын қызметкерлеріне лауазымдық жалақының 30%-ын мөлшерінде сыйлықақы тағайындауды жариялады. Бұл шара әрбір қызметкердің адал еңбегі, ісіне берілгендігі мен жалпы нәтижеге қосқан үлесіне алғыс білдіру болып табылады.
Темірхан Амантаевич ұжымға үйлесімді жұмысы үшін алғыс білдіріп, Кәсіпорынның одан әрі дамуы мен табысы әрбір маманның кәсіби шеберлігіне, бастамашылдығына және жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін атап өтті.