
Антимикробтық дәрілерге төзімділік – бактериялар, вирустар және саңырауқұлақтардың оларды жоюға арналған дәрілерге қарсы тұра алу қабілеті. АМР дамуының негізгі себептері: антибиотиктерді дұрыс қолданбау, ветеринариялық нормалардың сақталмауы, уақытылы бақылаудың жүргізілмеуі және биоқауіпсіздік қағидаларын бұзу.
Бүгінде АҚТ – тек ветеринария ғана емес, сонымен қатар денсаулық сақтау, экология, азық-түлік өнеркәсібі және жаһандық ауыл шаруашылығы үшін де маңызды мәселе.
Неліктен бұл маңызды?
Егер төзімділіктің дамуын бақылаусыз қалдырсақ, жануарлардың қарапайым ауруларын емдеу қиынға соғуы мүмкін, ал тұрақты штамдар азық-түлік тізбегіне түсуі мүмкін және адам денсаулығына қауіп төндіреді.
АҚТ – шекара білмейтін проблема, ал оның салдары жаһандық болуы мүмкін.
⁉️Не істеу қажет?
Антибиотиктерді рационалды қолдану
Антибиотиктер – әмбебап шешім емес. Оларды қолдану нақты негізделген, бақыланатын және халықаралық стандарттарға сәйкес болуы қажет.
♻️“Фермадан үстелге дейін” әр кезеңде бақылау
Уақытылы диагностика, микробиологиялық бақылау, азық-түлік қауіпсіздігі талаптарын сақтау – АҚТ тәуекелдерін азайтудың негізгі шарттары.
🔬Мониторинг және ғылыми зерттеулер
Зертхана мамандары молекулалық-генетикалық зерттеулер жүргізеді, төзімділік механизмін зерттейді, тұрақты штамдарды бақылайды және ғылыми деректер базасын қалыптастырады.
Бұл қауіпті тенденцияларды уақытылы анықтауға және төзімді микроорганизмдердің таралуын болдырмауға мүмкіндік береді.






