Бүгін: 24.01.2026
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
 

Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар, халықаралық ұйымдар мен фермерлік қауымдастықтар қатысты. Республикалық ветеринариялық зертхана атынан Байсеитов Саят Төлебайұлы қатысты.

Сонымен қатар іс-шараға тағам қауіпсіздігі, антимикробтық төзімділік, биологиялық қауіпсіздік, мал шаруашылығы, егіншілік және «Бір Денсаулық» бағытына жауапты мамандар, «Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жүйесінің орнықтылығы үшін Бір Денсаулық» ведомствоаралық техникалық жұмыс тобының мүшелері, сондай-ақ С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың қауымдастырылған профессоры Лаура Аутелеева қатысты.

Дөңгелек үстелде зооноздық инфекцияларға қатысты тәуекелдерді басқарудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру, салааралық өзара іс-қимылды күшейту, сондай-ақ «Бір Денсаулық» қағидаттарын іс жүзінде енгізу мәселелері талқыланды.

Бұл іс-шара тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аурулардың алдын алу бағытында түрлі құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және кешенді тәсіл қалыптастыруға маңызды алаң болды.