Бүгін: 12.12.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
 

Конференция биологиялық қауіпсіздік саласындағы өзекті тәуекелдерді талқылауға, ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен практикалық тәжірибемен алмасуға, сондай-ақ осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға арналған маңызды алаң болды.

Іс-шараға халықаралық сарапшылар, ғалымдар, академиялық мекемелер мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік органдар, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, ветеринария, микробиология, фармацевтика және өзге де салаларда жұмыс істейтін өндірістік компаниялардың мамандары қатысты.

Конференцияға қатысу биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, тәуекелдерді азайтуға бағытталған заманауи тәсілдерді қарастыруға, сондай-ақ ынтымақтастықты дамыту бойынша алдағы қадамдарды айқындауға мүмкіндік берді.