Бүгін: 14.02.2026
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
 

Ісшараға «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК зертханалық зерттеулер мен жоспарлауды ұйымдастыру бөлімінің сарапшысы, сондай-ақ негізгі министрліктердің өкілдері - Денсаулық сақтау министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО), Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы (ДДҰ) сияқты халықаралық ұйымдар және ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесі қатысты.

Бір алаңға Агрохолдинг өкілдері, фермерлер, шаруа қожалықтарының қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктердің мүшелері мен инвесторлар жиналды.

Республикалық ветеринариялық зертхана 12 қараша күні Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілдерімен бірге ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бердалин Аманғали Бисенбайұлын және Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Ташимов Казбек Қазиханұлын күтіп алды. Қонақтар үшін зертхана мен оқу-әдістемелік орталыққа экскурсия өткізілді.