2022 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпорынның өндірістік қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары 9 пайыздан (%) 15пайызға дейін өсті:
- 9 пайыз санитарларға;
- Зертхана меңгерушілеріне 10 пайызға өсті ;
- Жануарлар ауруларының диагностикасы (ЖАД), Азық-түлік қауіпсіздігі (АТҚ) зертханаларының меңгерушілеріне, аға ветеринариялық дәрігерлер, ветеринариялық дәрігерлер, зертханашылар, жануарларды күту жөніндегі жұмысшылар 15%-ға;
- сынамалар мен ақпаратты қабылдау бөлімі басшыларының лауазымдық жалақылары Жануарлар ауруларының диагностикасы, Азық-түлік қауіпсіздігі зертханаларының меңгерушілері деңгейінде белгіленді.
2022 жылғы 1 шілдеден бастап еңбек демалысына сауықтыруға екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде материалдық көмек төленеді.
Бүгінгі таңда ұжымдық шартқа еңбек демалысына бір жалақыдан екіге дейін сауықтыруға материалдық көмек төлеуді ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізілді. Ұжымдық шарт еңбек инспекциясында келісуден өтеді.
Кәсіпорында жемісті жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалған: жалақы уақытында, мемлекеттік мерекелерге – сыйлық уақытында төленеді.
Кәсіпорын жұмыскерлерді әлеуметтік қолдауға көп көңіл бөледі. Осылайша, қызметкерлердің мәлімдемесіне сәйкес, бала туу, жерлеу, некеге тұру, балаларды мектепке дайындауға материалдық көмек төленеді.
Қазіргі уақытта кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде.