2022 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы А.Жақыпбаев "Республикалық ветеринариялық зертхана" РМК басшысы Т. Елшібаевпен және Комитет мамандарымен бірге Атырау облысына жұмыс сапарымен келді.
Жұмыс сапары аясында Республикалық ветеринариялық зертхана РМК Бас директоры Т.Елшібаев ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Төрағасының төрағалығымен бизнес – қауымдастықтармен өткен кездесуге және Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары, Ветеринарлық қауіпсіздік мәселелері және проблемалық мәселелер бойынша облыстың ЖАО ветеринарлық ұйымдары мен Атырау аумақтық инспекция басшыларының қатысуымен кеңеске қатысты.