Бүгін: 22.11.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

"Республикалық ветеринариялық зертхана" РМК бас директоры Т.Елшібаев Ресей Федерациясының Россельхознадзор қазақстандық делегациясының құрамында жұмыс сапарымен болды.

Жұмыс сапары аясында 8 тамызда Мәскеу қаласында ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы А.Жақыпбаев РФ Россельхознадзор басшысы С. Данквертпен кездесті.

Асқар Жақыпбаев Қазақстан Республикасының аумағы арқылы импортталатын және экспортталатын тауарлар логистикасының өзгеруіне әкеп соққан өңірдегі соңғы жылдағы оқиғалар аясында Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін елдердің ветеринариялық қызметтері арасындағы екі жақты ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Сергей Данкверт екі ел арасындағы тауар айналымының өсіп келе жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, құс еті, шұжық, сүт, кілегей, ірімшік, сүзбе және ашыған сүт өнімдерін тиеу артты.

Сондай-ақ, кездесуде ветеринария саласындағы ақпараттық жүйелерді интеграциялау және қазақстандық еттің (сиыр еті, қой еті) Ресей нарығына қол жеткізу мәселесі талқыланды, онда бұрын енгізілген уақытша шектеулерді қайта қарау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Т.Елшібаев делегация құрамында «Жануарлар мен жемшөптерге арналған дәрілік заттардың сапасы мен стандарттаудың Бүкілресейлік мемлекеттік орталығы» (ФГБУ «ВГНКИ»), «Жануарлардың денсаулығын қорғау Федералды орталығы» (ФГБУ «ВНИИЗЖ») және «Орталық ғылыми-әдістемелік ветеринариялық зертхана» ФГБУ «ЦНМВЛ» тәжірибелік зертханалар мен өндірістік қуаттарды көріп танысу үшін болды.

Қатысушылар ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелерді талқылады және биологиялық материал мен тамақ өнімдеріне бірлескен диагностикалық зерттеулер жүргізуде өзара іс-қимылды кеңейту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді, қазақстандық зертханалардың құзыретін растау бойынша зертханааралық салғастырмалы зерттеулерге қатысуы.

Тараптар Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкес жануарлар аурулары мен тамақ өнімдерін уақтылы диагностикалау бойынша қазақстандық мамандар үшін бірлескен тренингтер мен біліктілікті арттыру курстарын өткізу мүмкіндігін талқылады, сондай-ақ ғылыми ынтымақтастық және вакциналар өндіру технологияларының трансферті салалары қаралды.