Бүгін: 24.11.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін Астанада " биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жаңа тәсілдер (ведомствоаралық өзара іс-қимыл. Мемлекеттік ақпараттық жүйені құру)".

Семинарға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Т. Тургалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Г. А. Нұрумова, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Вице – Министрі Р. Ж. Құрманов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің вице – министрі Ж. К. Бүркітбаев, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасының орынбсары С. Б. Төлегенов, "Республикалық ветеринариялық зертхана" РМК Бас директорының орынбасары Б. Е.Айталы, "Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталық" ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары Р. Н. Құспеков, "Қазбиофарм "ҰХ" АҚ Бас директоры және басқа да биологиялық қауіпсіздік саласындағы мүдделі өкілдер қатысты.

Сондай-ақ, семинарда Самат Төлегенов ветеринария саласындағы биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы презентация жасады, онда ол ветеринариялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері жануарларды аурулардан қорғау, халықтың денсаулығын жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғау; ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының аумағын жұқпалы аурулардың және басқа мемлекеттерден келген жануарлардың экзотикалық аурулары енуінен және таралуынан қорғау болып табылатынын айтты. Сондай-ақ, С.Төлегенов ветеринарияның қызметі мен қазіргі жағдайы туралы айтып берді.

Семинарға қатысушылар биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі шоғырландыру және үйлесімді ведомствоаралық өзара іс-қимыл туралы ортақ пікірге келді.