Бүгін: 19.04.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру» ақпараттық жүйесінде «VetLab» модулін (жануарларды диагностикалық зерттеу) әзірлеу және іске қосу бойынша тиісті жұмыстарды жүргізді.

 «VetLab» модулі ауыл шаруашылығы жануарлары ауруларының диагностикасы саласындағы үлгілерге зертханалық зерттеулер жүргізу бойынша ақпарат беруге арналған. Модульді іске қосу шеңберінде «Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру» ақпараттық жүйесінде жануарлардан алынған биологиялық және патологиялық материалдың сынамалары бойынша электрондық құжаттарды (ілеспе хат, сынамаларды іріктеу актісі және тізімдеме) автоматты қалыптастыру процестері, «VetLab» модулінде сынамаларды қабылдау және зерттеу нәтижелерін беру іске асырылды.

Бұл ретте зерттеу нәтижелері «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі, бұл жануарларды диагностикалық зерттеулер бойынша деректерді уақтылы, толық енгізбеу факторын толығымен жоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бүкіл ел бойынша зертхана диагностикалаған жануарлар ауруларының көрінісін көру мүмкіндігіне жол ашады.

«VetLab» Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында пилоттық тестілеуден өтті. Оның қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың зертхана мамандары мен мал дәрігерлерінің ұсыныстары ескерілді.

Әзірлеушілер жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық дәрігерлерін, барлық облыстардың ветеринариялық зертханаларының мамандары мен ветеринариялық инспекторларын оқытуды жүргізді.

Осы уақытқа дейін "VetLab" модулі бойынша Республикалық ветеринариялық зертханаға жануарлардың 19,5 млн қан сынамасы жіберілді, оның 3,4 млн-ы сәйкестікке тиісті тексеруден өтпеді.