Бүгін: 12.12.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
 

Сапар барысында хатшы-архивариустарға құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу, істер номенклатурасын құрастыру, жеке құрам бойынша құжаттарды қалыптастыру және сақтау мәселелері бойынша оқыту жүргізілді. Құжаттардың сақталуына, есепке алынуына, сапалы өңделуіне, сұрыпталуы мен мемлекеттік мұрағатқа өткізуге дайындалуына қойылатын талаптарға ерекше назар аударылды.

Зертхана филиалдарының архивтерінің жай-күйі үш санат бойынша – қызыл, сары және жасыл түстермен бағаланады. Мұндай тәсіл архив ісінің сапасын жүйелі түрде бақылауға және жұмысты ұйымдастыруда кемшіліктері бар филиалдарға әдістемелік көмек уақытылы көрсетілуіне мүмкіндік береді. Оңтүстік Қазақстан өңірлік филиалы қазіргі уақытта архивтік құжаттаманың ұйымдастырылуы бойынша қызыл санатқа жатады.

Іссапар аясында 2015 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықтағы құжаттарға өңдеу жұмыстары жүргізілді. Архивтермен жұмыс істеу барысында бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер шешіліп, құжаттардың жүйеленуі мен сақталу тәртібі ретке келтірілді.

Бұл жұмыс Оңтүстік Қазақстан өңірлік филиалы ұжымының ауызбіршілігі мен жауапкершілігінің арқасында шапшаң және үйлесімді ұйымдастырылды. Сонымен қатар, аталған іс-шараға Ақтөбе, Алматы, Жамбыл және Қызылорда филиалдарының мамандары да белсенді қатысып, өз үлестерін қосты.

Мұндай іс-шаралар архив ісін біріздендіруге, қызыл және сары мәртебесі бар филиалдарда анықталған кемшіліктерді жоюға және зертхананың барлық құрылымдық бөлімшелерінде құжаттамамен жұмыс тиімділігін арттыруға ықпал етеді.