Жаңалықтар
- 462
Бүгін «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК бас директорының м.а. Елшібаев Т.А. Жезқазған қаласының әкімі Әбсатаров Қ.Б. ветеринариялық зертхананың жағдайы бойынша кездесті.
Жиынға сонымен қатар Жезқазған қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы, «Жезқазған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ-нің өкілі қатысты.
- 484
Құрметті достар, бізде керемет жаңалық бар!
2022 жылдың басынан бастап Халық банкінің қосымшасындағы төлемдер қосымша бетінде «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК-ның ақылы қызметтерін төлеуге болады. Бұл операция Homebank.kz мобильді қосымшасы бар кез келген адамға қол жетімді.
Ол үшін клиенттер телефондарына Halyk Homebank.kz мобильді қосымшасын орнату керек. жеке кабинетке кіріп, қажетті жолдарды толтырып, келесі нұсқауларды орындаңыз.
- 536
2022 жылғы мемлекеттік тапсырысты орындауға дайындықты тексеру мақсатында «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК бас директорының м.а. Елшібаев Т. А. Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды.
Жұмыс сапары барысында Ақтөбе облыстық филиалының және Алға аудандық ветеринариялық зертханасының ұжымдарымен кездесулер өткізілді, онда Елшібаев Т.А. ветеринариялық зертханаларды қарап шықты, проблемалық мәселелерді тыңдады және жұмысты жақсарту бойынша тиісті ұсыныстар берді.
- 479
Бүгін а.ж. 4 ақпанында Жезқазған қаласының әкімі Қ. Б. Абсатаровтың және РВЛ РМК бас директорының м. а. Т. А. Елшибаевтың қатысуымен Жезқазған қаласындағы ветеринариялық зертхананың жағдайы бойынша ZOOM-кеңес өтті.
Сондай-ақ, кеңеске ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің өкілдері, Жезқазған қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы, Қарағанды облысының ветеринария басқармасының басшысы, "Жезқазған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ өкілі, бизнес өкілдері, ауыл шаруашылығы өндірушілері және басқа да шақырылған тұлғалар қатысты.
- 470
2022 жылы мемлекеттік тапсырысты орындауға дайындығын тексеру мақсатында «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК бас директорының м.а. Т. А. Елшібаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды.
Жұмыс сапары барысында Ақтөбе облыстық филиалының ұжымымен кездесу өткізілді, Елшібаев Т.А. ветеринарлық зертхананы қарап шықты, проблемалық мәселелерді тыңдады және жұмысты жақсарту бойынша тиісті ұсыныстар берді.






