Бүгін: 13.12.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
 

Бас директор Т.А. Елшібаев қонақтарды қарсы алып, зертхана мен білім беру орталығының қызметімен таныстырды.

Шетелдік делегация құрамында доктор Паскаль Худелет, доктор Цедрик Дизье, Аурелия Басси ханым, Нұржан Берденов мырза және доктор Казимерас Лукаускас болды. Қазақстандық тараптан кездесуге QazBioPharm ұлттық холдингінің басшылары қатысты.

Экскурсия барысында делегаттар зертхананың заманауи жабдықтарымен, зерттеу бағыттарымен және диагностикалық процестерімен танысты. Оқу-әдістемелік орталықта ветеринария мамандарының біліктілігін арттыруға арналған оқу бағдарламалары мен әдістері таныстырылды.

Қонақтар зертхананың техникалық мүмкіндіктерін, қызметкерлердің кәсіби шеберлігін және кадр даярлаудағы жүйелі тәсілді жоғары бағалады. Кездесу барысында жануарлар ауруларын диагностикалау, алдын алу және ветеринариялық тәжірибеге инновациялық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

Осындай кездесулер халықаралық серіктестік орнатуға, тәжірибе алмасуға және зертханалық саланы дамытуға тың мүмкіндіктер береді.